ХАБАРЛАНДЫРУ

22.12.2025 12:00
ХАБАРЛАНДЫРУ

Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Еңбек» республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиал директорының бос лауазымына конкурс жариялайды («Еңбек-Көкшетау», «Еңбек-Батыс», «Еңбек-Шымкент», «Еңбек-Тараз», «Еңбек-Қызылорда», «Еңбек-Қостанай»).

Кәсіпорынның атауы, орналасқан жері, пошталық мекенжайы, телефоны және негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы:
Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Еңбек» республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
Астана қ., Қошқарбаев даңғылы, 39-үй.
Тел.: 8 (7172) 57-02-93, эл. пошта: rgp_enbekhr@mail.ru.

Кәсіпорын қызметінің мәні – қылмыстық-атқару жүйесі саласында өндірістік қызметті жүзеге асыру және сотталғандарды еңбекпен қамтуды ұйымдастыру.
Кәсіпорын қызметінің мақсаты – түзеу мекемелерінің тіршілігін қамтамасыз ету және сотталғандарды жұмыспен қамту.

Конкурсқа қатысуға келесі тұлғалар жіберілмейді:

  1. 18 (он сегіз) жасқа толмағандар;
  2. бұрын сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағандар;
  3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адамдар;
  4. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

 

Үміткерлерге қойылатын негізгі біліктілік талаптары:

біліктілік талаптарына сәйкес жоғары білімнің болуы – экономикалық, заңгерлік, техникалық немесе Кәсіпорын қызметінің бейініне сәйкес;

Кәсіпорын бейініне сәйкес қызмет саласында басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы, оның ішінде өндірістік саладағы кәсіпкерлік субъектілерінде кемінде 2 жыл басшылық тәжірибесінің болуы;

қылмыс жасағаны үшін (оның ішінде алынбаған немесе өтелмеген) соттылығының болмауы, қылмыстық жауаптылыққа тартылмауы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар және атқаратын лауазымымен сыйыспайтын өзге де құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауаптылыққа тарту фактілерінің болмауы;

үміткерде тіркелген жеке кәсіпкерліктің (ЖК) және басқа заңды тұлғаларға (ЖШС, АҚ және т.б.) қатысуының болмауы;

лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімдердің болуы:

ұйымның өндірістік-шаруашылық және қаржылық-экономикалық қызметін реттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, мемлекеттік органдардың актілерін;

ұйым қызметіне қатысты өзге органдардың әдістемелік және өзге де материалдарын;

ұйымның бейінін, мамандануын және құрылымының ерекшеліктерін;

есеп және қаржылық талдау негіздерін, салық заңнамасын;

ұйымның өндірістік-шаруашылық және қаржылық-экономикалық қызметінің бизнес-жоспарларын әзірлеу және келісу тәртібін;

ұйымды басқарудың және шаруашылық жүргізудің заманауи әдістерін білу.

 

Негізгі міндеттері:

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес филиал қызметіне жалпы басшылық жасау;

өндірістік және қаржылық-экономикалық көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ету;

филиалдың құрылымдық бөлімшелерінің тиімді жұмысын ұйымдастыру;

персоналды басқару, кадрларды іріктеу, орналастыру және ынталандыру;

еңбек, қаржылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету;

мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және серіктестермен өзара қатынастарда филиалдың мүддесін білдіру;

мемлекеттік мүліктің сақталуын қамтамасыз ету.

 

Құжаттарды тапсыру тәртібі:
Түйіндеме мен құжаттар пакетін келесі мекенжайға жолдау қажет:
Астана қ., Қошқарбаев даңғылы, 39-үй.
Тел.: 8 (7172) 57-02-93, эл. пошта: rgp_enbekhr@mail.ru

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 26 желтоқсанға дейін.